ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен жастар бөлімі жетекшісі Қарабеков Әзімбектің ұйымдастыруыменен, Шымкент қаласындағы “Ықылас” қарилық медірессе орталығы шәкірттерімен семинар кездесу болып өтті.
Алла Тағала құранда:
Уа, иман келтіргендер! Ақиқатында, арақ, құмар ойындары, пұттар, және (бал ашуға тігілетін) жебелер – шайтанның лас істерінен. Одан аулақ болыңдар, бәлкім, мұратқа жетерсіңдер!
Деген аят негізінде есірткінің шариғатымыздағы үкімі – харам екенді, түбі Алланың қаһарына душар етер амал екендігі, және бұл әдеттен сақтанудың жолдары жайлы насихат айтылды.
Бұл шараға 60 — шәкірт қатысып, өздерінің көкеіндегі сұрақтарын да қойып, тиісті жауаптарын алды.
Қорыта айтқанда, нашақорлық адамның өзіне де, қоғамға да аса зиян. Сол сияқты есірткіні сату, сатып алу, сол арқылы пайда табуды да харам еткен. Себебі харамға алып баратын нәрсенің өзі де харам екендігі толығымен насихатталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі


