Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты «Мастура қажы» мешітінде Мәуліт айында жұма күнінің қарсаңында «Сағынышқа айналған әз-Мұхаммед!» атты рухани мәуліт кеші аталып өтті.

Аталмыш шараға Шымкент қаласы Орталық «Ақ мешіт» мешітінің наиб имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы, тәртіп кеңесінің төрағасы Бекайдар қажы Төлжанұлы, тәртіп кеңесінің мүшесі Дәуренбек қажы Тасқараұлы, Абай ауданының бас имамы Мұхаммеджан Естеміров,«Есжанұлы Сейітжан қари» мешітінің наиб имамы Мейірбек қари Сәрсенбаев, Абай ауданының іс-басқарушысы Саян Искаков, қазақша Мәуліт жыршысы-термеші Мәдіхан Тәжиев ағаларымыз қатысты. Сондай-ақ мешітіміздің батагөй ақсақалдары мен жұмаға келген жамағатпен толықты.

Алғашқы сөзді Ахметжан қажы Пірәліұлы ағамыз, қаламыздың бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының ыстық сәлемі мен құттықтауын жеткізіп, сөз кезегін, кеш қонақтары құрметті имам ұстаздар жалғап Пайғамбарымыз с.а.у дүниеге келуі, өмірі, мінез-құлқы, салауат айтудың дүние-ахыреттегі пайдалары т.б ерекшеліктері жайлы әсерлі уағыздарын айтты.
Мейірбек қари Мәуліт шәрифін арапшасын оқыса, Мәдіхан Тәжиев қазақша жыр шумағы мен арнауын орындады.

Іс-шара соңында ақсақалдар ризашылық рахметтерін айтып, Бекайдар қажы Төлжанұлы атамыз батасын беріп, Елімізге амандық, имандылық, береке бірлік сұрап дұға етті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38