Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Таза Қазақстан республикалық акциясын қолдау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігі мен ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің бастамасымен «Өткенге құрмет – тіріге міндет» атты зираттарды тазалау мен абаттандыру шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға Шымкент қаласында орналасқан Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран және Қаратау аудан әкімдіктері, «Шымкент» медресе колледжінің ұстаздары мен студенттері, мешіт қызметкерлері, қала тұрғындары т.б. азаматтар қатысты.
Дәстүрлі түрде өткізілетін тазалық шарасы аясында зират орындарының сыртқы және ішкі тазалықтары, келуші жамағатқа зиярат ету ережелері мен тәртіптерін түсіндіру, т.б. мәселелері қозғалды.
Ұйымдастырылған шараға қалалық тазалық мекемелерінің тарапынан жүк көліктері т.б. техникалар жұмылдырылды.
Айта кету керек, ұйымдастырылған шараға имамдар мен бірге 8 мың жамағат пен ерлікті қатысып, қала аумағындағы 80 зиратта сенбілік өтті.



























