Paigambardin marjan sozderi

Paigambardin marjan sozderi

«Қайда жүрсең де Алла тағаладан қорық! Егер әлде бір қате іс істесең, оны жуып-шаятын ізгілік жаса! Адамдармен әрдайым жақсы мінезбен қарым-қатынаста бол!»

«Иман келтірмейінше жұмаққа кірмейсіңдер! Ал бір-біріңді жақсы көрмейінше толық иман еткен болмайсыңдар. Ендеше сендерге бір-біріңді жақсы көруге себеп болар істі көрсетейін бе? Бір-бірлеріңе сәлем беріп, араларыңда тыныштық пен бейбітшілікті жайыңдар!»

«Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер. Сонда араларыңда сүйішпеншілік оянады».

«Шынайы мұсылман – өзгеге қолымен де, тілімен де зиян тигізбеген адам»

«Өздеріңе қалағанды өзгеге де қаламайынша толық иманға жетпейсіңдер»

«Кімде-кім дүниені қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал кімде-кім ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа алсын! Ал кімде-кім дүниені әрі ақыретті қаласа, Құранды басшылыққа алсын!»

«Кімде-кім Алла ризалығы үшін кішіпейіл болса, Алла тағала оның дәрежесін көтеріп, зор қылады. Ал кімде-кім тәкаппарланса, Алла тағала оның дәрежесін түсіріп, қор қылады».

«Шындықты ұстанған сенімді мұсылман саудагер – Қиямет күні шейіттермен бірге болады»

«Үлкендерімізге құрмет көрсетіп, кішілерімізге мейірімдік танытпаған адам бізден емес».

«Адамдардың көбі мына екі нығметтің: денсаулық пен бос уақыттың қадірін білмейді».

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38