Бүгін ҚМДБ «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде жұма намазында қасиетті Мәуліт жыры оқылды.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы арнайы құттықтау тілегі оқылып, аудан бас имамы Мұхамеджан Естеміров уағыз-насихат айтып жиналған жамағатты мерекемен құттықтады.
Мәуліт жырын «Сейтжан қари» мешітінің найб имамы Мейірбек қари Сәрсенбаев оқыды.
Айта кетсек, игі шара барлық мешіттерде арнайы мерекелік мәуліт дастарханы жайылып, дін мен дәстүрге сәйкес ұйымдастырылып келеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



