Бүгін Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешіті мен қалалық Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне «Сағынышқа айналған әз-Мұхаммед (с.а.с.) атты қайырымдылық шарасы өтті.
Игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған 30 отбасыға азық-түлік таратылды.
Игі шара аясында шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы атынан кәсіпкер демеуші азаматтарға алғыс айтып, ризалық білдірілді. Алла разы болсын!






