Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы , мкр Бозарық Әл — Ғани мешіті жанындағы әйел — қыздар секторында Конституция күніне арнап “ Отан — қуат ,Отбасы — шуақ” атты семинарымыз өтті . Семинарда :
Құранмен басталды
Конституция жайлы, рәміздер жайлы және тәуелсіз еліміз жайлы көптеген мағлұматтар айтылды
Домбыра тартып , қазақша би билеп , қолөнерлік көрнекіліктерін таныстырып ,сұрақ жауаптар қойылды
“Имани жаз — 2025” жазғы лагерді қорытындылап , мешітіміздің Бас Имамы марапаттау қағаздарын табыстап, Құранға түскен шәкірттерімізге тәж кидіріліп Құран кітап сыйға тартылды
Көк туымызды желбіретіп Әнұранымызды айтып ерекше патриоттық сезімде семинарымызды аяқтадық
Семинар соңында шәкірттерімізбен дастархан жайып сұқбаттасып тәрбиелік мәні бар патриоттық сезімді оятар видеороликтер көрдік !
Семинарға 80 ге жуық шәкірт қыздарымыз қатысты !
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз







