Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты “Ибадулла қажы” мешітінде Мәуліт айына орай іс-шара өткізілді. Іш -шарамызда Пайғамбарымызға салауаттар айтылып, келген қонақтарға Пайғамбардың өмірі тұралы мағлұматтар берілді.Іс- шарамызға 150 адам қатысты. Барлық қатысушыларды сыйлықтармен қуанттық. Мақсатымыз: Пайғабарымыздың өмірін үйреніп, Пайғамбар сүннетіне амал ету және “Имани жаз — 2025” Құранға тускен шәкірттер марапатталды. Шәкірттер арасынан Асмаул хусна 40 парыздан 6 калимадан кішігірім бір жарыс өткізілді. Жеңімпаздарға ерекше сыйлықтар берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз


