Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Абдурахман Махсуми мешітінде 2025 жылғы 23 тамыз күні «Имани жаз – 2025» жазғы діни сауат ашу курсының қорытынды рәсімі өткізіліп, шәкірттерге арнайы сертификаттар табысталды.
 
Жазғы курсты жалпы 55 шәкірт тамамдап, Құран мен діни ілімдерден тәлім алды. Оның ішінде Құранға түскен 30 қыз шәкіртке Құран кітабы сыйға тартылды. Сонымен қатар барлық шәкірттер ынталандыру мақсатында естелік сыйлықтармен марапатталды.
 
Іс-шараға 60-қа жуық ата-ана мен жамағат қатысып, шәкірттердің жетістігіне қуаныш білдірді. Жиын рухани мазмұнға толы болып, шәкірттердің ынта-жігерін арттырды.
 
Бұл игі бастама жас ұрпақты имандылыққа, білімге, тәрбиеге баулуға ықпал етіп, олардың жүрегіне Құран нұрын себуді мақсат тұтады. Ұстаз: Курбанова Наргиза.
 
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38