Бүгін ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бағыты бойынша Шымкент орталық мешітінде балаларға арналған «Имани жаз — 2025» атты жазғы діни сауат ашу курсының жабылу шарасы ұйымдастырылды.
Салатанатты шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Шымкент қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, найб имам Ахметжан қажы Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық діни оқу ағарту саласына жауапты маман әрі найб имам Қазыбек Сарыбаев ұстаздар қатысып шәкіттерге ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
Рухани шара барысында Абайтанушы-магистр Самат Анарбаев «Баламды медресеге білсін деп бердім» тақырыбы аясында балаларға дәріс оқыды. Сондай-ақ, балалар өздеріне қажетті сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
Айта кетсек, биыл қала бойынша 93 мешітінде күндізгі діни сауат ашу курстарында 3500 шәкірт тәлім алды. ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімі тарапынан әзірлеген «Имандылық әліппесі» кітабы негізінде дәріс өткізілді.
Игі шара барысында шәкірттерге сый-сияпттар мен балмұздақ тегін үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі



























