Бүгін Шымкент орталық мешітінде Хәкім Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойы аясында «Ұлт кемеңгері – Хәкім Абай тағылымы» атты рухани кездесу ұйымдастырылды. Рухани шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Шымкент қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, қоғам қайраткерлері Бұқарбай Парманов, Бауыржан Әлтай, найб имам Ахметжан қажы Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық діни оқу ағарту саласына жауапты маман әрі найб имам Қазыбек Сарыбаев, қалалық Дін мен дәстүр бағытының жетекшісі Самат Анарбаев т.б. азаматтар қатысты. . Негізгі мақсат — дін өкілдерінің бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі дұрыс пайдалану, жамағатқа түрлі жат ағамдардан сақтандыру, жастарға имандылық, әдептілік пен қатар Хәкім Абай атамыздың рухани мұрасын насихаттау, дұрыс жолдау жүру т.б. Жалпы, соңғы уақыттарда әлеуметтік желідегі келеңсіз жағдайяттар талқыланып, алдағы уақыттарда алдын алу болдырмау сынды пікірлер айтылды. Қатысушылардың ой-пікірлер мен ұсыныстары назарға алынды. Осы форматта қала имамдарының қатысуымен Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран және Қаратау аудандық орталық мешітінде рухани кездесулер жоғары дейгейде ұйымдастырылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

















