Бүгін Шымкент орталық мешітінде Хәкім Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойы аясында жас шәкірттерге арнап «Ұлт кемеңгері – Хәкім Абай тағылымы» атты рухани кездесу ұйымдастырылды. Рухани шараға шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Шымкент қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, найб имам Ахметжан қажы Керімбек, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық діни оқу ағарту саласына жауапты маман әрі найб имам Қазыбек Сарыбаев, Абайтуншы-магистр Самат Анарбаев ұстаздар қатысып шәкіттерге тағылымды дәріс оқыды. Негізгі мақсат — жас шәкірттерге имандылық, әдептілік пен қатар Хәкім Абай атамыздың рухани мұрасын насихаттау, жеткізу болып саналады. Айта кетсек, рухани шараға қала бойынша 93 мешітте «Имани жаз — 2025» атты жазғы діни сауат ашу курсының тәлім алған үздік атанған 500 шәкірт қатысты. Рухани шара барысында шәкірттерге сый-сияпттар мен балмұздақ тегін үлестірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі










