Қаратау ауданы “Есжанұлы Сейітжан қари” мешітінде “Имани жаз” сауат ашу курсында 10-12 жас аралығындағы қыздар түрлі материалдардан әсем бұйымдар жасап, суреттер салып шығармашылық қабілеттері мен өнерге деген ынтасын көрсетті. 
Бұл шара жас өрендердің өнерге деген қызығушылығын арттырып, эстетикалық талғамын, икемділігі мен шеберліктерін дамытуға бағытталады.
Қолөнер ой-өрісті дамытады, ішкі жан дүниені тыныштандырады, шеберлік пен икемділікті, төзімділікті арттырады.
 
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38