Шымкент қаласы  “Есжанұлы Сейітжан қари” мешітінде “Имани жаз” сауат ашу курсында 10-15 жас шәкірттер арасында “Дұғалар сайысы” өтті. Сайысқа 15 шәкірт қатысты. Шәкірттер жарыстың әр кезеңіне арналған тапсырмаларға белсене қатысып, дайындықтарының жақсы деңгейде екенін көрсете білді. Сайыс соңында үздік деп танылған шәкірттер марапатталып, барша қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Бұл сайыс – жас буынның жүрегіне имандылық дәнін сеуіп, Аллаға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған тағылымды тәрбие алаңы болды.
 
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38