Абай ауданы, Кенесарыхан мешітінде “Имани жаз 2025” діни сауат ашу курс шәкірттері оқуларын тәмәмдады соның ішінде 10 қыз Құранға түсіп, 45 қызға сертификат табысталды.
 
Іс шара 5 жасар Хафиза деген қызымыздың Құран оқуымен және Кеңесарыхан мешітінің бас имамы Мухаммеджан Естемиров мырза өзінің жүрек жарды тілектерімен басталды. 
 
Іс шара барысында өткен сабақтардан, жаттаған дұғалардан, Исламның 32 парызынан сайыстар уйымдастылып, жеңімпаздарды  сыйлықтармен құантты.
 
Іс шара соңында қазақи күй тартылып, шәкірттер мен ата аналарына дастархан жайылып қонақтар жоғары көңіл күйде қайтты.
 
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38