Шымкент қаласы, “Есжанұлы Сейітжан қари” мешіті 2025 жылдың шілде айында Құран ілімін енді бастаған шәкірт қыздар арасында “Намаз дұғалары – рухтың азығы” атты сайыс ұйымдастырылды.
Екі ай бойы әліппені меңгеріп, намаз дұғаларын жаттаған шәкірттер білімдерін ортаға салды. Сайыс мақсаты – дұғаларды дұрыс әрі мәнерлеп оқу, мағынасын түсіну және тәжуид ережесін бекіту болды.
Сайыс шарттары:
І бөлім:
• Бір дұғаны арабша жатқа айту
• Дұғаның қазақша мағынасын жеткізу
• Мәнерлеп оқу
ІІ бөлім:
• Дұғаны арабша мәнерлеп оқу
• Тәжуид ережесін қолдану арқылы талдау
Жеңімпаздар:
І орын – Бақытқызы Аяулым
Сыйлығы: 2 дана ұлттық астау (ет тағамына арналған)
ІІ орын – Аяулым Байдулла
Сыйлығы: Nursace фирмасының сәнді сөмкесі
ІІІ орын – Сархан Роза
Сыйлығы: 1 дана астау (қуырдаққа арналған)
Бұл тағылымды сайыс шәкірттердің рухани дамуына, дұға мен намазға деген махаббатына серпін берді.
Алла Тағала барша шәкірттерге пайдалы, шынайы құлшылық нәсіп етсін!
Ұрпағымыз – Құран мен сүннетке берік, иманды болғай!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі






