Екі ай діни білім алған шәкірттер арасында қорытынды тест ұйымдастырылды.
Гүлзамира Мұстафақызы жүргізген ахлақ (әдеп) және фиқһ (ғибадат) пәндерінен алынған бұл сынақта шәкірттер алған білімдерін дәлелдеп, жақсы нәтижелер көрсетті.
Жоғары балл жинаған үздік 5 шәкіртке ынталандыру мақсатында сыйлықтар ұсынылды.

Бұл шара шәкірттердің діни сауатын арттырып қана қоймай, әдеп пен ғибадатқа деген жауапкершілігін де күшейтті.
Алла Тағала шәкірттерімізді Пайғамбарымыздың:
“Қияметте маған ең жақындарың – мінез-құлқы көркемдерің” деген хадисіне лайықты үммет етсін!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38