Бүгін Шымкент қаласы, орталық мешіттің наиб имамы А. Керімбек және Еңбекші ауданының бас имамы Е. Орын ауданға қарасты «Шаңырақ», «Нарынбай ата», «Каден ата», «Бадам 2», «Елтай», «Манасбай ата» «Ибадул Азиз», «Смайыл ата» мешіттерін аралап, олардың алты айлық есептерімен танысты.

Есеп тыңдау барысында, ҚМДБ-ның және Шымкент қаласы өкілдігінің 2025 жылғы жұмыс жоспарының және төрт бағыт бойынша жұмыс жасау бастамасының қалай орындалып жатқандығына баса назар аударылды.

Сондай-ақ, мешіттердің тазалығы мен реттілігі және дін қызметкерлерінің де жұмыс тәртібі мен жауапкершілігі қадағаланды.

Есеп тыңдау кезінде, жамағаттың ауызбіршілігі, имамның келбеті, мешіттердің құжаттарының толықтырылуы, т.с.с өзекті мәселелерге де ерекше мән берілді.

Еңбекші ауданы бойынша алты айлық есеп алу жұмыстары ертең де жалғасады.

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38