Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде «Құрбан айт күндеріндегі міндеттемелерді бөлісу, тапсырмаларды нақтылау» бойынша жиналысы болып өтті.
Жиналысқа, Шымкент орталық мешіттің бірінші наиб имамы Мұсабек қажы Ақтамберді мен наиб имамМұхамеджан қажы Естеміров және дін мен дәстүр саласына жауапты Самат қажы Анарбаев, сондай-ақ Қаратау ауданына қарасты барлық мешіт имамдары мен дін қызметкерлері қатысты.
Жиналысты имам Мусабек қажы сөз бастап, ҚМДБ-дан келген тапсырмалар мен нұсқаулықтарды таныстырып, сауапты шараларды орындалуына жауапты мамандардың тізімін нақтылады.
Содан кейін сөз алған Мұхаммеджан қажы Естеміров мереке күндері ақпарат тарату әдебі бойынша түсіндірме жасады.
Дін мен дәстүрге жауапты Самат қажы Анарбаев “Дін мен дәстүр” кітабынан дәріс өткізді.
Жиналысты найб имам Мусабек қажы қортындалып, қасиетті Құрбан айт мерекесін ынтымақпен, аса жауапкершілікпен жоғары деңгейде абыроймен өткізуді тапсырды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

