Бүгін, Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен Әл Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінде «Құрбан айт күндеріндегі міндеттемелерді бөлісу, тапсырмаларды нақтылау» бойынша жиналысы болып өтті.

Жиналысқа, Шымкент орталық мешіттің бірінші наиб имамы Мұсабек қажы Ақтамберді мен наиб имамдар Ахметжан қажы Керімбек, Мұхамеджан қажы Естеміров, Қазыбек қажы Сарыбаев және дін мен дәстүр саласына жауапты Самат қажы Анарбаев, пәтуа істеріне жауапты Берік қажы Шотабеков, сондай-ақ Әл Фараби ауданына қарасты барлық мешіт имамдары мен дін қызметкерлері қатысты.

Жиналысты имам Мусабек қажы сөз бастап, ҚМДБ-дан келген тапсырмалар мен нұсқауларды таныстырып, сауапты шаралардың орындалуына жауапты әріптестердің тізімін ашықтап жеткізді.

Содан кейін, сөз алған Мұхамеджан Естемиров ақпарат таратудың этикасын жіті түсіндіріп өтті.

Қазыбек Сарыбаев имам құрбандық шалудың адал орындалу жолдарын түсіндірді және «Имани жаз-2025» жазғы сауат ашу курстарының мазмұнына мен ерекшеліктерінетоқталды. Әсіресе, курстарға келген жас өспірімдердің қауіпсіздігін жіті қадағалауды тапсырды.

Пәтуә маманы Берік Шотабеков имам құрбандыққа шалынатын малдардың фиқһи үкімдеріне қатысты пәтуаларды ашықтап, сұрақ-жауаптарға Муфтияттың бекіткен пәтуаларымен тұшымды жауап берді.

Жиналысты найб имам Ахметжан қажы Пірәлұлы қортындалып, қасиетті Құрбан айт мерекесін ынтымақпен, аса жауапкершілікпен жоғары деңгейде абыроймен өткізуді тапсырды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38