IMG 425

IMG 425

Шардара ауданы Алатау батыр мешітінің ұйымдастыруымен Алатау батыр ауылы «Алатау батыр» мешітінде «Пайғамбарға сағыныш», – атты іс-шарада 150 адамға мерекелікдастархан жайылды.Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің бас имамы Н. Шәдетханжамағатқа айтқан уағызында мұсылмандар бір істі жақсы деп санаса, ол іс Алланың алдында да жақсы. Себебі хадис- шарифте (с.а.с) «Мұсылмандар жақсы көрген іс, Алла тағала алдында да жақсы болады», – делінген имам Ахмад риуаятында. Жүнайд Бағди: «Кімде кім Пайғамбарымыздың (с.а.с) мәулітіне қатысып, оны ұлықтаса, ол шынында да иманды», – деген. Хасан әл-Басри (р.а) «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Пайғамбарымыздың (с.а.с) мәулітін оқытуға жұмсаған болар едім», – деген. Жалалуддин ас – Суюти (р.а) «Бір үйде немесе мешітте Пағамбарымыздың (с.а.с) мәуліті оқылса, сол үйдің немесе мешіттің адамдарын періштелер қоршап алады, олардың барлығына Алла Тағаланың рахметі жауады және үйіне нұрмен оралады. Себебі, періштелер Пайғамбарымызға (с.а.с) мәуліт оқығаны үшін ол адамға салауат айтып тұрады», – деген деді.Рухани кештеШардара ауданы Қ. Тұрысбеков ауыл округі Шардара ауылы «Шардара» мешітінің найб имамы, қари О. Маканов араб тілінде пайғамбарымызға (с.а.с) мәуліт оқып, сауабын бағыштады.

«Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 425

IMG 426

IMG 427

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38