IMG 433

IMG 433

2017 жылы 19 желтоқсан күні аудандық «Нұғман» мешіті Діни сауат ашу курсы ұстаздарының ұйымдастыруымен Мақтарал ауданы, Қараөзек елді мекенінде орналасқан «Сисенбай ата» мешітінде жастар арасында Құранды мәнерлеп оқудан жарыс болып өтті. Сайысқа 20- дан астам шәкірттер қатысып, бақ сынады. Бірінші орынды Бердіқұлов Амирхан иеленіп, теледидар жеңіп алды. Екінші орынды Мұғалбай Қазыбек иеленсе, үшінші орын Тұрсын Үсенге бұйырды. Сонымен қатар, қатысушы барша шәкірттерге демеушілер атынан қаржылай сыйлықтар табысталды. Соңында мешіт жамағаты Тасқараев ақсақал алғашқы орынды жеңіп алған жас шәкіртке өз атынан алғыс айтып, қысқы киім сыйға тартты.


Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 428

IMG 429

IMG 430

IMG 431

IMG 432

IMG 433

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38