Шардара ауданы бойынша Жастар ісі өкілі Дүйсенов Бауыржанның ұйымдастыруымен Шардара қаласы «Әбу Мансур әл-Матуриди» мешітінде «Қош келдің Мәуліт», – атты руханимерекелікіс-шарада 200 адамға дастархан жайылды. Мерекелік іс-шарада Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров күллі мұсылман әлемінің асыға күткен қасиетті Мәуліт мерекесімен құттықтады. Әрбір жанның шаңырағына шаттық, отбасына тыныштық, жұмысына табыс барша әлемнің Жаратушысы Алла Тағала егеменді еліміздің болашағын жарқын, көк байрағымыздың әрқашанда биік болуын нәсіп етсін деді. Бұл айда мәулітті атап өткізудегі негізгі мақсат – Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың іс – әрекеттерін насихаттау, салауаттар айту, жастарға имандылық қағидаттарын түсіндіру, оларды отан сүйгіштікке, бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата – ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан аулақ болуға шақыру деген тілегін білдірді. Шардара қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ. Ілесов аудан әкім аппаратының атынан қасиетті аймен құттықтаса, Арыс ауданы «Ысқақ ата» мешітінің бас имамы А. Албдулкарим Мәуліт мерекесінің шығу тарихына тоқталып, мерекенің мән – маңызын түсіндіріп, жастарды одан ғибрат алуға шақырды. Пайғамбардың хадистерінен мысалдар келтірді. Ақырғы Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) өмірге келген сәттегі хикметтерді айта келіп, «Құрандағы «Азһап» сүресінің 56 – аятында «Расында Алла Пайғамбарға рахмет етеді, періштелер жарылқау тілейді. Әй, мүміндер, Пайғамбарға сендер де салауат айтып, жақсылық тілеңдер!», – деп жазылғанын айтты. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с) туған күні Мәуліт мерекесіне арналған керемет кеш. Осы кеште Пайғамбардың (с.а.с) қандай кісі болғаны жайында мол мағлұматтар алуға болады. Пайғамбарымызға арналған салауатты, діни әуендерді тыңдап қана қоймай, кейінгі ұрпақ содан ғибрат алса деймін. Пайғамбарымыздың (с.а.с) өмірін зерттеп – зерделеуге, Құран Кәрімнің мағынасын терең түсінуге ден қойса жөн болар еді. Сөз соңында елімізге тыныштық, жұртымызға амандық тілеп, дұға жасады. Рухани кештеШардара ауданы Қ. Тұрысбеков ауыл округі Шардара ауылы «Шардара» мешітінің найб имамы, қари О. Маканов араб тілінде айрықша мақаммен оқыса, А. Рысбек қазақ тілінде оқыды.Кеш соңында Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің бас имамы Н: Шәдетхан«Мәуліт» рухани мерекелік кешке қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған кәсіпкерлерге басқа да үлесін қосқан азаматтарға алғысын білдірді. Кештің соңында Шардара ауданы Қ. Тұрысбеков ауыл округі Шардара ауылы «Шардара» мешітінің найб имамы, қари О. Макановқасиетті Құран Кәрімдіоқып, ел ағасы Ислам қажы Омаров сауабын пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) және барша дүниеден өткен ата – бабалар рухына бағыштады.
«Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.