ҚМДБ-ның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен құрылған «QAMQOR-SHARAPAT» Салттық қызмет көрсету орталығының Шымкент қаласы бөлімінде замануи жабдықталған алғашқы мәйітхана ашылды.
Аталмыш мекеменің Шымкент қалалық филиалы жетекшісінің ұсынысын және қала бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына орай қаладағы көп қабатты үйлердегі жағдайды ескеріп Әл-Біләл мешіті қызметкерлерінің ұйымдастыруымен салынған ғимаратқа ҚМДБ-ның Найб мүфтиі Ермек қажы Мұқатай мырза, «QAMQOR SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының Шымкент қаласы бойынша жетекшісі Орын Ербосын мырза және Біләл мешітінің имамы Мұқтар Абсаматов бастаған бір топ діни қызметкерлер мен жамағат қатысты.
Найб мүфти Ермек қажы Мұқатай мырза:
Бұл ғимарат мұндай үлкен қалаға өте қажет.
Дер кезінде, уақытылы ойластырылып салынған.
Алдағы уақытта Алланың сынағы түскен отбасының қиындығын жеңілдетіп, Алла ризалығына ел игілігі үшін қызмет ететін болады-деді.
Өздеріңізге белгілі Әл-Білал мешіті тығыз қоныстанған көп қабатты үйлердің арасында орналасқан.
Қайтыс болған марқұмның мәйітін сақтап, оны шариғат талаптарына сай жуындырып, кебіндеп жаназа намазына дайындайтын осындай бір орталық аса қажеттілігі сезілетін.
Міне бүгінгі таңда бұл мәселеде шешімін тапты.
Бұл мәйітхана жалпы Шымкент халқына арналған.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







