«Сендерге Алла елшісінде көркем үлгі-өнеге бар». ( Ахзаб 21 ). Пайғамбар өнегесі — адамзаттың асыл мұрасы болған, Сира дәрісінен Шымкент қаласы бойынша әйел жамағаты арасында жарыс өткізілді. Абай ауданы, Абдусаттар Сманов мешітінде өткізілген жарыс үш айға жоспарланды. Жарысқа жүз қатысушы тіркелді.Үш кезеңнен іріктеліп, соңында он қатысушы арасында орын белгіленіп, жарыс өз мәресіне жетті. «Ғаламның рахым нұры» атты қорытынды кеш ұйымдастырылып, бас жүлде иегері- Мырзақұл Нұрай «Умра қажылығына жолдама алды». 1- орын иегері- Мадияр Эльмира 100 мың 2- орын иегері- Ағабекова Камшат 70 мың 3- орын иегері- Сарварова Марьям 50 мың көлемінде сыйлықтыр табысталды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38