Шымкент қаласы, Есжанұлы Сейітжан қари мешіт шәкірттеріне Гүлзамира Мұстафақызының ұйымдастыруымен табиғат аясында рухани әрі сергектікке толы демалыс күні ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – жастарға табиғатқа шығудың денсаулыққа пайдасын түсіндірумен қатар, ислами тәрбиені, сүннетке сай өмір сүруді насихаттау болды.
Шәкірттер табиғаттың әсем көрінісінде таза ауада демалып, түрлі ойындар ойналды. Бұл ойындар шәкірттердің ұйымшылдығын, ептілігін арттырып, бірлік пен сергектікті сезінуге көмектесті.
Сонымен қатар, діни білім де назардан тыс қалмады. Шәкірттер Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өмір тарихын қайталап, маңызды сәттерін еске түсірді. Сира стол ойыны арқылы пайғамбарымыздың көркем мінезі мен өмір жолы туралы мәліметтерді есте сақтап, діни білімдерін бекіте түсті.
Таза табиғаттың денсаулыққа пайдасы, салауатты өмір салтын ұстану туралы насихат айтылып, Пайғамбарымыздың ﷺ мына хадисі түсіндірілді:
«Адамдар екі нығметтің қадірін білмейді: денсаулық пен бос уақ.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




