Сейітжан қари Есжанұлы атындағы мешіттің қыз-келіншектер бөлімінде, түсте оқитын шәкірттер арасында “Ясин сүресін жылдам оқу және тәжуидпен талдау” білім сайысы өтті . Сайыс билет түрінде таңдалды.Ясин сүресінің кез-келген бетінен жарты бетін жылдам оқып, тәжуид ережесіне сай талдап шықты. Сайысқа 16 шәкірт қатысып, өздерінің білімдерін шыңдады. Әділ-қазылардың ойынан шығып жақсы нәтиже көрсеткен шәкірттер жүлделі орынға ие болды.
1 орын Сапиева Айбарша
2 орын Акбаева Шолпан
3 орын Шайбекова Хадиша марапатталды.
Жалпы көрермен болып қатысқан шәкірттер 30. Сайыстан шәкірттер тәжірибе жинап , білмеген нәрселірін үйреніп жамағаттың білім алуға деген ықыластары арта түсті.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






