Есжанұлы Сейітжан қари мешітінің ашылғанына 1 жыл толды. Осыған орай, Есжанұлы Сейітжан қари мешітінде бір жыл бойы белсене қызмет еткен ұстаздарды мешіт басшылығы алғыс хаттармен және ақшалай сыйақымен марапаттады. Ұстаздар жыл бойы, аптада жеті күн әйел-қыздар жамағатына дәріс беруді тоқтатпады. Онымен қоса әр түрлі іс-шараларда жамағатты да жұмыллырып, әрі қаржылай әрі еңбекпен белсене атсалысты.
Осыны ескеріп ұстаздарды марапатпен көңілін тапқан мешіт басшылығына алғысымызды білдіреміз.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



