Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 23-24 мамыр күндері өтетін Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасындағы IV республикалық байқаудың жеребе тарту рәсімі өтті. 

Сейітжан қари Есжанұлы мешітінде өткен жеребе тарту рәсіміне Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сүйерқұлұлы, ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахметов, Шымкент қалалық өкілдігінің наиб имамы Ахметжан Пірәліұлы және Шымкент қаласы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова, үміткерлер мен қари ұстаздар, сондай-ақ байқау ұйымдастырушылары қатысты.

Мамыр айының 23-24 күндері өтетін байқауда қари қыздар 5 пара, 10 пара, 20 және 30 параны жатқа оқудан бақ сынайды.

Айта кетейік, байқауға 68 қари үміткер ретінде тіркелген.













By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38