Шымкент қалалық мешіттің бірінші наиб имамы Мусабек қажы Ақтамберді мен наиб имам Ахметжан қажы Пірәліұлы және аудандық мешітінің бас имамы Ербосын қажы Бектұрсынұлы Еңбекші ауданында орналасқан «Маятас» мешітінде болды. Мешіттің имамы Ахмет қажы Орынбекұлы құлшылық үйінің тыныс-тіршілігімен және тазалығы мен тәртібін таныстыра келіп, өзінің жарты жылда атқарған жұмысы есебін баяндады.
Мешіт жамағатмен кездесу барысында Мусабек қажы Ақтамберді имам Шымкент қаласының бас имамы Бағдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, мешіттің көркі жамағат екенін, ал жамағаттың көркі ауызбірішлік екенін айтып, мешіттің имамына ұйып, оны құрметтеудің артықшылығына тоқталды. Сөзінде мешітінің имамы Ахмет қажыға дін жолында аянбай атқарып жүрген еңбегі үшін алғыс айтып, «Маятас» мешітінің қаламыздағы үлгі тұтарлық мешіттердің бірі екендігін тілге тиек етті.
Имам Ахметжан қажы Пірәліұлы «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Дін мен дәстүр» бағытының кезекті тақырыбы «Әкенің- исламдағы орны» туралы уағыз айтты.
«Азаны бар ауыл азбайды» демекші, мешіт – тағылым мен тәрбиенің орны. Бүгінде Маятас елді-мекенінің халқының ауызбіршілігінің артуына, мұсылман жұртын имандылыққа ұйытып жүрген Ихласов Ахмет имамға жамағат алғысын айтуда.
«Маятас» мешіті ауыл биінің жетекшілігімен ақсақалдары және демеушілер тарапынан салынып, 1999 жылы ашылған.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі



