Бүгін Шымкент қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасындағы IV республикалық байқауы басталды.

Игі іс шараның ашылу рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Расында, қасиетті кітабымызда жазылған Құран аяттары мен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан хадистері барша мұсылман баласын Құран оқуға, оны жаттауға жігерлендіреді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде былай дейді: «Ақиқатында Құранды жатқа білетін мұсылмандар Алла Тағаланың панасынан басқа пана болмайтын күні пайғамбарлар мен таңдаулы пенделермен бірге Оның панасында болады» делінген.

Аллаға сансыз шүкір, елімізде жыл санап қариларымыздың қатары артып келеді. Бүгінгі байқауды ұйымдастырудағы мақсатымыз – қоғамда Құранға деген құрметті арттыру, шәкірттерді Құран жаттауға жігерлендіріп, құндылықтарын насихаттау» деді.

Айта кетейік, байқауға қатысушылар Құран Кәрімнің 30, 20, 10 парасын және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынайды. Байқауға 68 үміткер қатысуда.

















By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38