Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жоспары бойынша қыздар арасы Республикалық Құран Кәрімді жатқа айту бойынша төртінші сайысына дайындық жүруде. Міне бүгін осы сайысқа Шымкент қаласы бойынша іріктеу сайысы өтті.
Сайысқа 30 қари және қарилікке жол бастаған қыздарымыз қатысты.
Сайыс 4 номинация бойынша өтті.
Осындай қасиетті де құрметті сайыста Шымкент қаласының ұстазы, РАТТ мүшесі, Мамадалиев Нұрсұлтан қари және Шымкент қаласының ұстазы, 10 қырағат иесі Шохан Уали қари төрелік етті.
Сайыс нәтижесінде Құран Кәрімді толық жаттап
1-орынға, 500 000 теңге сыйлығымен Тұрғанбек Алтынай ие болды және IV-Республикалық сайысқа жолдама алды.
2-орынға, 400 000 теңге сыйлығымен, Махкамбаева Дурдона,
3-орынға, Нұрлыбек Ясин ие болды.
Құран Кәрімнің 20-парасын жатқа айту бойынша
1-орын, 300 000 теңгелік сайыпкер, Ишанбай Нұрай ие болды және IV-Республикалық сайысқа жолдама алды.
2-орын, 150 000 теңгелік сыйлықпен, Кушманова Жұлдызай,
3-орын, 100 000 теңгелік сыйлықпен, Есіркеп Аяулым ие болды.
Құран Кәрімнің 10-парасын жатқа айту бойынша
1-орын, 150 000 теңгелік сыйлықпен, Эминтаева Муқаддас ие болды және IV-Республикалық сайысқа жолдама алды.
2-орын, 80 000 теңгелік сыйлықпен Ешмохамметрва Юлдуз,
3-орын, 50 000 теңгелік сыйлықпен Нұралиева Жасмина ие болды.
Құран Кәрімнің 5-парасын жатқа айту бойынша
1-орын, 80 000 теңгелік сыйлықпен, Шакизада Құралай ие болды және IV-Республикалық сайысқа жолдама алды.
2-орын, 50 000 теңгелік сыйлықпен, Болатова Амина,
3-орын, 40 000 теңгелік сыйлықпен, Якубекова Умида ие болды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

























