Шымкент қаласы, Тұран ауданы, “Д.А.Қонаев” мешітінде ДСАК әйел-қыздар секторы бөлімінде “Құран Кәрімге қадам” атты тілашар тәжі кидіру рәсімі болып өтті. Рәсімде 17 шәкірт әйел-қыздарға Құран әліппесін бітіргені үшін тәжі кигізіліп сый-сияпат жасалды. Рәсімге Шымкент қаласы әйел-қыздар секторы басшысы Досжанова Балжан, мешіттің әйел қыздар секторы ұстазы Түстікбай Мұғалімжан және арнайы 50-60 қа жуық шәкірттер қатысты.
Іс-шарада мешіттің бас имамы Жомарт Д. уағыз-насиқат жасап сәттілік тілеп бата берді. Әйел-қыздарға шара барысында Балжан ұстаз көркем насиқат айтып сәттілік тілеп Құран Кәрімнен сауаттарын ашқандығын дәлелдейтін сертификаттар табыстады. Шараның соңы тілашар дастарханға ұласып қатысушыларға тамақ берілді.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі



