ҚМДБ-ның діни қызмет аясында 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялауына орай, «Жат ағымдарға түсіндіру» бағытының жылдық жұмыс жоспарында көрсетілген жамағатпен кездесу шарасы және Шәууәл айының құрметіне Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында орналасқан «Ар-Рақиб» мешітінің имамы Досумбаев Ержігіттің ұйымдастыруымен өтті.

Игі шараға Шымкент қалалық «Ақмешіт» орталық мешіттің ұстазы «Мамедалиев Нұрсұлтан, сондай-ақ, бір топ жамағат ақсакалдар қатысты.

Өнегелі жиынға шақырылған жамағатқа, Шәууәл айының Оразасы сауапты іс екенін бірлік ынтымақ Имам мен жамағат арасындағы міндеттері мен қарым-қатынастары турасында діндегі өсиеттері мен тәлім-тәрбиесі жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, Құптан намазынан кейін жамағатқа» Акида Мәзхаб теріс ағым жайында мән-маңызы мен діндегі орны туралы да насихаттар айтылып сұрақтарына жауап берді.

Жиын соңында мешіт ақсакалы бата беріп тарқасты.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38