Рамазан –  Ерекшелігі мол.

Рамазан – мейірімділік.

Рамазан  – қайырымдылық.

Рамазан – сабырлық.

Рамазан – кешірімділік.

Рамазан – тақуалық.

Рамазан – нәпсіні тәрбиелеу.

Рамазан – өз-өзіңе есеп беру.

Рамазан – Қасиетті Құран айы, Рамазан- тақуалық пен тәрбие айы.

Рамазан – айлардың сұлтаны, мың айданда қайырлы Қадір түні бар шоқтығы биік ай.

Рамазан айының ерекшелігі сол – Мұсылман баласы бұл кезде бір ай бойы сауапты Алла Тағаладан үміт етіп ораза ұстайды. Алла Тағала Мұсылман баласына ораза тұту жайында былай дейді:

«Уа, иман келтіргендер!

Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер.

«Бақара» сүресі, 183-аят

 

Нәпсісін тізгіндеп, өз-өзін басқара білген адамды тақуа дейді. Пенде оразаның арқасында нәпсісін толықтай ауыздықтап, өзі де Ұлы Жаратушының алдында шынайы мойынсұнған құлға айналмақ. Ораза тұтқан кез-келген жан өзінің ораза ұстамаған бұрынғы бейғам күндеріне қарағанда тазалықты, пәктікті сезінеді. Яғни, ешнәрсеге, тіпті бір жұтым суға да қол соза алмауы барлық нәрсенің Иесі бар екенін, өзінің әлсіз құл екенін түсінеді

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ораза жайлы мына бір хадистерінде үмметін былай деп сүйіншілейді: Кімде-кім Рамазан айында шынайы сеніммен, сауапты бір Алла Тағаладан ғана үміт етіп,ораза ұстаса, бұрын-соңды жасаған күнәлары түгелдей кешіріледі».

(Имам Бухари, Имам Муслим риуаят еткен)

 

«Аузы берік кісіге ауыз аштырғанға ораза ұстағанның сауабындай сауап беріледі. Бұдан ораза ұстаушының сауабы еш кемімейді»

(Тирмизи риуаят еткен)

 

«Сабырлықтың жартысы ораза ұстаудан тұрады», – деп өсиет қалдырған

( Ибн Мәжә хадистер жинағы)

 

Бұл өсиет даналық бұлағындай болған біздің ауыз әдебиетімізде қалай өрілді екен, соған мән берсек

Дана Абай Құнанбайұлы атамыз: «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос», – дейді.

Ия, Рамазан айында ораза арқылы төзiмдiлiк, сабырлылық, жанашырлық секiлдi iзгi қасиеттердi өн бойымызға  жинауға  тырысамыз.

Рамазан – Ерекшелігі мол әрі мүмкіндік, мейрімділік айы. Ізгі айда амалдардың еселене жасалатын уақыты. Сол арқылы сауабымыз артып, күнәларымыз кешiрiледі. Рамазан – еріншектердің айы емес керісінше дұғалар қабыл болып, береке есіктері ашылған айда жауапкершілік танытып, мол істер жасайық, ағайын!

 

ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау аудандық

«Байғұт баба» мешітінің Бас имамы  

Қалшабек Ербол Тастанбекұлы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38