Бүгін ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның Дін мен дәстүр бағыты баясында Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың атынан іс басқарушы Әлжан Сәдиев, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері Ержігіт Мамытұлы, Жастар ісі секторының жетекшісі Әзімбек Қарабековтар қатысып, ата-әжелерге Рамазан айы және наурызда мерекелік көңілкүй сыйлады.
Қайырымдылық шара барысында 120 дана кілем, төсеніш, т.б. қажетті заттар үлестірілді.
Осы шараға қолдау көрсеткен аталмыш мекеме басшылығына және кәсіпкерлерге Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі









