Перзент тәрбиесі парыз айн. Алланың бұйрығы. Бұл ең маңызды, ең қастерлі жауапты іс. Өлгеннен соң да тоқтамай соңымыздан барып тұратын сауапты іс. Бұл іске мән бермесек, соңы өкініш болмақ. Өз заманында әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби де тәрбиеге ерекше мән берген. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы» деген оның қанатты сөзін бәрімізде жақсы білеміз.
Бүгінде мұсылман баласын тура жолдан тайдырушы бірден-бір дүние қолымыздағы титімдей телефон десем, артық айтқандық болмас. Өскелең ұрпақ қазіргі таңда ютубтан, әлеуметтік желілерден қалағанын көруде. Сондықтан абайламаса болмайды. Өйткені, жас балалардың жаман әдеттерге (ерсі қылықтарға) қарсы тұруға иммунитеті әлсіз. Біз бұл жерде имани (рухани) иммунитетін айтып отырмыз. Осы ғаламтордағы қасірет алып келетін дүниелерге қарсы қоятын «қаруымыз» ол перзентті дұрыс тәрбиелеу.
Өкініштісі сол, бүгінгі жаһандану заманында біреу екінші біреудің берген дұрыс ақылын тыңдамайтын уақытқа тап келіп отырмыз. Қазір біреуге дұрыс жол көрсетіп, насихат айта бастасаң, өз жөніңді түзеп ал дейтін болды. Немесе «өз балаңа, әйеліңе» айт дейді. Тіпті, кейбір кісілердің өз перзенттеріне, әсіресе, қыздарына шамасы жетпей жүргенін көзіміз көріп жүр. Қазақ халқы қыз тәрбиесіне әрдайым үлкен мән берген. Қызға қырық үйден тыйым салып, жүріс-тұрысын қатты қадағалаған. Абай атамыз: «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген бірауыз сөзімен қыз тәрбиесінің оның ата-анасына да байланысы бар екенін айтып тұр. Бір сөзбен айтқанда, қыз бала қашанда ұлттың ұяты болған.
Шын мәнінде келгенде жалпы перзент тәрбиесі бұл тек жеке адамның шаруасы емес, көптің тірлігі деуге болады. Біз бала кезімізде ата-аналарымызға жаман ат келтірмеуге тырысатынбыз. «Пәленшенің баласы жаман жолға түсіп кетіпті» деген сөз тек ата-анамызға ғана емес, әулетке, қала берді ауылға ұят келтіретін. Сондықтан «Тәрбие–тал бесіктен» деген ата-бабаларымыз бала тәрбиесінің өте күрделі іс екенін айқын сезіне білген.
Ал, бүгінде бәрі басқаша. Ешкімнің ешкіммен жұмысы жоқтай. Қоғамды бір немқұрайдылылық, бойкүйездік, немкеттілік басып алғандай. Салдарынан қазіргі балаларды интернет тәрбиелеп жатыр. Мұның соңы өкінішке әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан қай кезде де бала тәрбиесіне немқұрайлы қарауға болмайды.Оларды сәт сайын қадағалап, сабағын тексеріп, жүріс-тұрысын бақылап отыру қажет.
Қандай адам бақытты?!. Перзенттері тәрбиелі, салиқалы, ибалы, дені сау болып өссе, сол ата-ананы бақытты деуге болады. Ал, ата-анасын ренжітіп, жаман ортаны таңдап, соңы өзіне үлгі қылып, ата-анасын сыйламаса, ол бала емес, бәле болады, жолы болмай адасқан болып есептеледі.
Бала тәрбиесі өте ұзақ және қиын іс.Құрма ағашының жемісін жеу үшін 20-30 жыл күткендей, бір балаңыздың жемісін жеу ұзақ уақыт пейнет керек.
Перзентіміз жас кезінде ата-анасының өзіне көп уақыт бөлуін қалайды. Назарына, насихатқа, күніне, көп мұқтаж боп тұрады. Күніне 24, аптасына 138 сағат. Перзентіңізге күніне қанша уақыт бөлесіз? Осы сауалды өз-өзіңізге қойып көріңізші.
Перзентке жақсылық жасаудың нәтижесі тек ақыретте емес, бұл дүниеде де көрсетеді. Ақыретте де көресің? Ал, тәрбие бермеген болса, бұл дүниеде де, ақыретте де аласы жазасын.
Алланың берген ең ұлы нығметі!
Алланың берген ең үлкен сыйы!
Анғам.84 аят. Және оған Ысхақ, Яғқұпты беріп, барлығын тура жолға салдық. Бұрын Нұх (Ғ.С.) ты да тура жолға салып және оның ұрпақтарынан Дәуіт, Сүлеймен, Әйюб, Юсып, Мұса және Һарұн (Ғ.С.) ға да (тура жол көрсеттік). Игілік істеушілерге осындай сыйлық береміз. (84) Игілік істеушілерге осындай сыйлық береміз.

Ибрахимге Исхақ Яғқутты сыйлық қып бердік.
Алланың берген ең үлкен сыйлығы, сыйы!
Перзентіміз өзіне жол көрсетуімізге, нәпақысын беруімізге, тағам мен киім беруімізге мұқтаж.
– Нәпақысын беріп жатырмыз бірақ насихат етпей жатырмыз.
– Бірінші тәрбие насихат, сосын нәпақысын берсек дұрыс болар еді.
– Тек күйбең тіршілігін ойлаған, бизнесін ойлаған, тек өз құрметін ойлап жүрсек әке, уақыт өтеді, баласын жоғалтқанын кейін біледі.
Әке ой парасаты түсінігі бір жақта болмайынша басқа жақта неге? Өйткені баланың ақыл-парасаты өсіп жатқанда сен базарда, жұмыста болдың, тәрбиеге қарамадың.
Бауырым насихатқа кел! Тыңда нәтиже шығар.
Бір-екі нәрсе естіп соны бала шағаңа тәрбие қылып үйрет.
– (Намазғабұйр және сабыр ет) аят.
Тоһа 132. «Үй ішіңді намазға бұйыр жән өзіңе де оған көңіл бөл». Демек бағыт-бағдар беріп жүруіміз ата-ананың бала алдындағы міндеті.
Тарихқа назар салсақ, Ұлжан анамыздың Абайға тәлім-тәрбиесі бағыт-бағдарын «Абай жолында» да кездестіруге болады.
– Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күні күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айрылма! – деді.
(«Абай жолы», 74 бет)
Осы әңгіменің өзінен-ақ Ұлжан анамыз Абайға кешірімді, мейірімді болуға тәрбиелеп жатыр. Көрген жерде сәлеміңді бер деп, бірлікке, тыныштыққа шақыруда. Бұл – Ұлжан анамыздың парасаттылығы. Көкжиегі кең адам екенін көрсетуде. Енді осы берген тәрбиесінің көрінісі, нәтижесі Қарқаралыда көрініс тапты.
Абай Қарқаралыға келген соң:
– Бір пұшпаққа жақындап қалған екен дәл бұрыштан бұрылып, оған қарсы шыққан үш аттыға көзі түсті. Аңырап тұра қалды да, тез таныды. Келе жатқан Бөжей, Байсал, Байдалы екен.
Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша қып тағзыммен төсін басып қатты дауыстап:
– Ассалаумағалейкум! – деп сәлем берді…
– Уағалейкумассалам, балам! -деп Бөжей оң назарын салды білем, атының басын тежей беріп:
– Балам жөніңді айтшы бізді көрсең, сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңмен істедің бе? – деді.
– Бөжіке, әкем емес, өзім беріп тұрған сәлемім сізге!..
(«Абай жолы», 88 бет.)

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмаймыз. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкесіне қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол анасына қарап өседі. Сондықтан тәрбиелі, салиқалы, ибалы ұрпақ тәрбиелеп өсіру өз қолымызда екенін ешқашан ұмытпайық!

Файзулла мешіт имамы
Бакытжан Есмаханұлы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38