Бүгін ҚМДБ 35 жылдығы аясында, дін жолында шейіт болған ғұлама-ғалым, ишан, ахун, имам, молда, ұстаздарды еске алуға арналған «БАБАЛАР РУХЫНА 350 ҚҰРАН ХАТЫМ» атты шарасы ұйымдастырылды.
Рухани шараға ҚМДБ Бас мүфти кеңесшісі және Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, Шымкент қаласы Дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Әлтайұлы, Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесінің орынбасары Жанпейс Нұрмағанбетұлы, ҚР Президенті жанындағы ұлттық құрылтай мүшесі, ақын, «Қаратау өнер» мектебінің директоры Біржан Байтуов, Той ұйымдастыру орталығының жетекшісі Берік Жорабеков, Мұсабек Ақтамберді, Мұхамеджан Естеміров, Ахметжан Керімбек бастаған барлық мешіт имамдары мен қалалық «Әйел-қыздар» секторының ұстаздары т.б. қатысты.
Басқосу барысында ҚМДБ Бас мүфти кеңесшісі және Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков сөз алып, алдымен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің құттықтау сәлемін жеткізді. Осыдан кейін, бірқатар азаматтар сөз алып, діни басқарма тарапынан атқарылған оң істерге тоқталып, ойларын ортаға салды.
Айт кетсек, айтулы шараға «Шымкент» медресе колледжі, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстаздары мен мешіт имамдары, қалалық «Әйел-қыздар» секторына қарасты ұстаздар мен әжелер метебінің мүшелері болып 350 рет Құранды толық оқып, елім, жерім, отаным деп өткен бабалар рухына Құран Хатым бағашталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі