«Байғұт баба» мешітінің жанынан ашылған Фурқан оқырмандар клубының ұйымдастыруымен “ЖАСТЫҚ ШАҚ – АЛТЫН КЕЗЕҢ, қызым саған айтамын, келінім сен тыңда” атты 3 жылдық Рухани кеш өтті. Кеш барысында Байғұт баба мешітінің бас имамы Қалшабек Ербол мырза құран оқып, дұға жасап және Шымкент секторы Балжан ұстаз бен апаларымыз дұға баталарымен кешімізді әдемі бастап берді. Кешімізде түрлі қойылымдар, видеороликтер, ойындар ,сыйлықтар және де клубымыздың белсенділерін марапаттау рәсімдері болды.
Осылайша 3 жылдық қорытынды жасалынды.
Келген қонақтарымыз дән риза күйде тарасты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі