Уақып сөзінің араб тілінен аударғандағы мағынасы: «Хабсу» – «ұстау» деген мағынаны білдіреді.

Уақып сөзінің шариғи түсіндірмесі:  Алла разылығы үшін қалдырылған пайдалы бір мүлік.

Құран Кәрімде Алла тағала Әль-Имран сүресінің 92-аятында: «Өздерін жақсы көрген нәрселерінді (Алла жолында) бермейінше жақсылыққа қол жеткізе алмайсындар, Алла жасаған хайыр ихсандарынның баршасын білуші»

Уақып шариғатымызда өте сауапты істердің бірі. Алла жолында мешіт, медресе, мектеп, жол, аурухана секілді көпшілікке пайдалы бір ғимаратарды соғып ол нәрсенің сауабын үміт ету уақыптың бір түрі болып саналады. Уақыптың пайғамбарымыздың Мұхаммед (соллалоху алейһи уа салламның) Абу Хурайра Алла оған разы болсын жеткізген хадисінде:«Адам өмірден өткеннен кейін оның амалдарының барлығы тоқтап, тек мына үш (амалының сауабы тоқтаусыз қала береді): ол жария садақа(яғни, сауабы тоқтамайтын Алла жолында қалдырылған уақып), және адамдарға пайдалы болатын (қалдырылған) ілімі, және салихалы ұрпағының оған жасаған дұғасы». –деп пайғамбарымыз Мұхаммед (соллалоху алейһи уа саллам) өз сөздерінде айтып кетті. Хадисте аталған алғашқы амал сауабы тоқтамайтын «жария садақа». «Жария садақа» уақыпқа тікелей байланысты, тоқтамай үздіксіз дегенн мағынаны білдіретін сөз уақып терминімен сәйкес келеді.

Әр бір мұсылман ақыретте Алла құзырында дәрежесі көтеріліп, Алланың сүйікті құлдарынан болып, Пайғамбарымызға Мұхаммед (соллалоху алейһи уа салламға) лайықты үмбет болуды армандайды. Сол үшін мұсылман әдетте намаз оқып, оразасын ұстап, зекетін беріп, қажылығын орындап сауапты істерді орындап, әрі  парыздарын өтеуге әрекет етеді. Парыз амалдардан бөлек нәпіл(қосымша) намаздар оқып, нәпіл оразалар ұстайды. Әрине, мақсаты ниеті Алланың разылығына жету. Сол секілді қосымша амал болып табылатын адамға көптеп сауап алуға септігі тиетін істердің бірі уақып амалы. Уақып етілген дүниенің ұзақ уақытқа жарамды болуымен ол істің сауабының да тұрақты, жалғасымды болуына алып барады. Мысалы медресе соғылып, ғасырлар бойы шәкірттер даярланып әр бір оқыған шәкірттің сауабынан үлесті медресені соғып берген адамдар алып отырады.

Уақыптың түрлері өте көп ол тек мешіт немесе ғимарат соғу емес, әрдайым жалғасымда болатын кәсіпті де уақып етсе болады. Сол кәсібін ілім алушы шәкірттердің шәкірт ақысына немесе оқу ақысына, оқу құралдарына сынды қажеттіліктерге жұмсайтын болса бұл амал уақып болып табылады. Және сол кәсәбі тоқтағанға дейін сауапқа ие болады.  

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, уақып амалы сарқылмайтын қазыналы сауап. Дүние көп болып, бірақ пайдасыз кеткеннен сол дүниені реттеп, жүйелеп, Алла жолында қалдыру көптеген жақсылықтарға жеткізеді. Уақып етілген дүниенің бала шағасына да үлесі болатындай етіп қалдыруға да болады. Оған дәләл: Ибн Омар Алла оған разы болсын қалдырған уақыпы: Хадисті Ибн Омар Алла оған разы болсын жеткізді: Пайғамбарымызбен жолығып, өзіне Хайбар соғысынын олжа болған жердің иесі екендігін айтып, сол жерді маған не істеуге бұйырасыз деп сауал қойды. Сонда Алла елшісі: Қаласан сол жерді уақып етіп қалдырып, сол жерден түскен пайданы садақа ет деді. Ибн Омар солай жасап дүниені уақып қылып, ол дүниені сатпады, мирас етпеді, сыйға бермеді Алла жолында уақып етіп қалдырды. Жердің өнімдерінен пақырларға, жолаушыларға, құлдарға және туыстарына, және сол жерде қызмет етушілердің нәпахасына садақа есебінде қалдырды. 

Бұл хадисте көргеніміздей туыстарына деген де сөз қолданылды. Яғни, уақыпты Алла жолына беріп әрі туыстарға қалдырып күн көрісіне пайдалануға болатындығын көре аламыз. Алла баршамызға пайдалы уақып қалдыруды нәсіп қылып,көптеген сауаптарға жетуімізді нәсіп қылсын!

Ғабит  Шахназар Сейітжан қари мешітінің ұстазы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38