КМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Бақдаулет кажы Нұрматұлың тапсырмасымен, ДІН МЕН ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ.
«Халықтар достық университетінде «Ата-ана» және «Лудомания» тақырыбында жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді.
Іс-шара мақсаты жастардың діни сауаттылықтарын арттыру, жат ағымдардан сақ болуға және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кездесуге «Ордабасы» мешітінің бас имамы Ералы Сапарбайұлы және найб имам Бекайдар Алтайұлы қатысты.
Іс-шара барысында имам дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм туралы айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және осы арбаудан арылу жолдары туралы тереңінен түсіндіріліп, терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары айтылды. Елімізге келтіретін зардаптарын жан – жақты талдап, жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, ата-анаға қарсы шығу, темекі шегу, нашақорлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды.