Шымкент қаласы әкімдігі, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Индустриалды техникалық» колледждің студенттерімен, «Терроризм мен Экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге арнайы шақырумен ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Мәртөбе» мешітінің бас имамы Анарғали Керімбеков қатысты.
Жиын барысында аталған тақырып, жастарға терең түсіндіріліп, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі