ҚМДБ Шымкент қаласының Бас имамы Бағдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен, «Облыстық психикалық денсаулық» сақтау орталығында Ихсан және насихат бағыты бойынша кездесу өтті.
Кездесуде Тұран аудандық «Қождан ата» мешітінің Наиб имамы Мұрат Таубайұлы барып, «Денсаулық Алла берген нығмет» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Насихат соңында ер азаматтардың көкейінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап беріп өтті.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі