Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына сәйкес «Шымкент» медресе-колледжінің конфренц залында Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) туылған айының құрметінк мәуліт рухани кеші ұйымдастырылды.
Рухани кешті Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының атынан «Яссауи дүниесі» түркі діни кітаптарды оқыту орталығының жетекшісі, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, медресе ұстаздары мен студенттері қатысты.
Рухани кеш алдымен қасиетті Құран оқумен ашылды. Осыдан кейін, студенттердің әзірлеген сахналық қойылымына және рухани термеге кезек берілді. Рухани кеш барысында медресе шәкірттері мәуліт жырын оқыды.
Жалпы қатысушылар жоғары дейгеде ұйымдастырылған кештен мол әсер алып тарасты. Сондай-ақ, рухани кеш соңында барлық қатысушыларға арнайы мерекелік берекелі дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38