Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қалалық «Halifa AL-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде 6 қазан — халықаралық бухгалтерлер күніне орай іс-шара өткізілді.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов бастаған ұжым орталық мешіттің бас есепшісі міндетін атқарушы Даниярова Динара Қырғызалықызы бастаған есепшілерді құттықтап, құрмет көрсетілді.
Бұл мереке Қазақстанда бейресми түрде Есепшілер күні аталып өтеді. Есепшінің жұмысы мұқияттылық пен дәлдікті талап етеді. Себебі, олардың қолында жәй ғана сандар емес, білдей кәсіпорындардың тұрақты жұмысы мен адамдардың тағдыры. Бухгалтер мамандығы – Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі ең жоғары құзыретті, құрметті әрі талап етілген мамандықтарының бірі. Бұл күрделі, әрі қызықты кәсіп түріне қатысы бар осы сала иелерін құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болсын!