Шымкент қаласы, Еңбекші ауданына қарасты «Тура жол» мешітінде қасиетті мәуліт іс-шарасы аталып өтті.

Аталмыш іс-шараға Еңбекші ауданының бас имамы Орын Ербосын, «Бойыт ата» мешітінің имамы Мурат Тастанов имам және Еңбекші ауданының айтулы имамдары қатысты.

Бас имам Орын Ербосын қаламыздың бас имамы Бағдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, жиналған жамағатты мәуліт айымен құттықтап алғысөз айтып мәуліт іс- шарасын ашып берді. «Бойыт ата» мешітінің имамы және «Муаз бин Жәбәл» мешітінің имамы Досанов Жақып имам мәуліт жайлы жамағатқа әсерлі уағыз- насихат айтты.
Мурат Тастанов имам ағамыз мәуліт жырын оқыды.

Шара барысында дастархан жайылып «Дін мен дәстүр» аясында жиналған жамағатқа мәуліт жайында және салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттау мақсатында өлең жырлар орындалды.

Аталмыш іс-шараны ұйымдастырған «Тура жол» мешітінің имамы Тәңірберген Ергешов имамға мешіт ұжымына және қолдау көрсеткен әрбір азаматқа ерекше алғыс білдіреміз.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38