23-24 тамыз күндері Мақтарал аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Дін және зайырлы қоғам» атты семинар кеңес болып өтті. Келелі кездесу Мақтарал ауданы, Мырзакент, Жылы су, Жаңа жол және Иіржар ауылдық округі әкімшіліктерінде өткізілді. Семинарды Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің найб имамы және Жастар ресурстық орталығы, «Әлеуметтік және психологиялық сүйемелдеу» секторының инспекторы Бағдат Шаймерден жүргізді. Кездесу барысында зайырлылық ұғымы, дін мен қоғамның ұштасып жатқандығы, және діни деструктивті ағымдардың алдын алу шаралары тақырыбында сөз қозғалды. «Әрбір жастың өз еліне қосар үлесі мол болуы тиіс, ал жастар биік деңгейден көрінуі үшін ата- ананың балаға берер тәрбиесі аса маңызды»- дей отырып, өскелең ұрпақтың еліне елеулі, халқына қалаулы болуы үшін әрбір әке- шеше лайықты тәлім бере білуі керектігін айтты. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары ұстанып отырған дәстүрлі ханафи мәзһабын жоққа шығаратын діни ағым өкілдері жайлы біршама мағлұмат беріп өтті. Жалпы, жиынға ауыл әкімшілігі, аппарат бөлімдері, ардагерлер ұйымы, ауыл ақсақалдары мен билері, ауыл тұрғындарымен қоса150 адам қатысты. Қорытынды ретінде сөз сөйлеген ақсақалдар келген қонақтарға алғысын айтып, алдағы уақыттарда осындай жиындардың көп болуын сұрады.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі