Бүгін Шымкент қаласы әкімі мен ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігінің ұйытқы болуымен шаһардағы Қан орталығында «Өмірге үміт сыйла» атты игі іс-шара ұйымдастырылды.
Ата заң күні мерекесіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, қалалық Дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев бастаған дін қызметкерлері мен ерікті топ мүшелері қатысты.
«Шариғат қағидасы бойынша қан тапсыру – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті саналады. Әрі сауапты амал болып табылады» деді бас имам Бақдәулет Нұрматұлы.
Айта кету керек, игі шараға 100-ден астам мешіт қызметкері қатысты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі