Бүгін, яғни 2017 жылдың 15- тамызында Мақтарал аудандық «Нұғман» мешіті «Әйелдер- қыздар» секторы меңгерушісі, Аудандық «Нұғман» мешітінің қыз балалар ұстазы Бақтиярқызы Гүлдана қалалық «Әл- Құддыс» мешітінде іс- шара өткізді. Шараның басты мақсаты- өскелең ұрпақты, соның ішінде қыз бала тәрбиесінің Исламдағы орны қандай екендігін, имандылық пен ибалылыққа тәрбиелеу болатын. Бүл игі бастамада Құранды мәнерлеп оқу, иләһи көріністер мен әндер айтылды. Қонақ ретінде елімізге белгілі уағызшы, «Сарыағаш» медресе- колледжінің директоры Әбдіғаппар Сманов мырза, аудандық «Нұғман» мешітінің әжелер алқасы, ауданымыздың қажы апалары қатысты. Адамды жақсылыққа баулитын көріністерді көрсеткен кішкентай ғана шәкірттер келген қонақтардың жүрегінен орын тапқандай, жылы лебіздерін білдіріп жатты. Көрініс таяғанда әже- апаларымыз өздерінің сый- сыяпаттарын табыстады. Жиын соңында әжелер алқасы мен қажы апалар арнайы ат басын тіреген ұстаз Әбдіғаппар Смановқа шексіз алғыстарын білдіріп, игі тілектерін жаудырды.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі