IMG 188

IMG 188

03- 09 тамыз айы аралығында Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Сыздықов Бекзаттың тапсырмасымен ауданымызда орналасқан қала және ауыл мешіттері тексерілді. Тексеру комиссиясы ретінде өңір кураторлары және есеп- қисап мәселелері бойынша бас бухгалтер тағайындалды. Тексеруде қаралған мәселелер: мешіттің ішкі тазалығы, мешіттің сыртқы (ауласы) тазалығы, дәретхана тазалығы, бейнебақылау камераларының орнатылуы, мешіт және имамдарға қажетті 15 құжаттың түгенделуі, сонымен қатар мешітке арналған кіріс- шығыс журналдары, неке қию және балаға азан шақыру журналдары, жұмысшыларды тіркеу журналдарының арналғандығын және олардың күнделікті қолданыста екендігін қадағалау болатын. Бухгалтериялық жұмыс бойынша: садақа жәшіктерінде комиссия мүшелерінің қолы қойылып, мөрленіп, құлып салынғандығы, мешіттің бұйрық журналы, есеп- қисапты жүргізу үшін кіріс-шығыс журналдары, кассалық кітап, айлық жіәне басқа кірістер қаралды. Мешіттің тазалығы- имамның тазалығы ұранымен ауданда орналасқан Жетісай қаласы, Асық ата кенті, Атакент және Мырзакент кенттері толығымен тексерліуден өтіп, бас имамға қорытынды тапсырылды.


Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 186

IMG 187

IMG 188

IMG 189

IMG 190

IMG 191

IMG 192

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий